Мәтін өңдегіші, бірлестіктер, топтағы өткінші хаттар, 350 миллион GIF

Read the original announcement in English
Мәтін өңдегіші, бірлестіктер, топтағы өткінші хаттар, 350 миллион GIF

Жаздан ләззат алу асыра бағаланады. Оның орнына жаңа жаңартуды қолданып көріңіз:

  • Пішімделетін мәтін өңдегіші: Блогтар, мақалалар және ұзақ жазбалар жазу.
    • Кестелер, ішкі медиа, тізімдер, тақырыптар, дәйексөздер және т.б. қосу.
    • Интуитивті визуалды өңдегішті қолданыңыз, ол ұялы және Desktop үшін оңтайландырылған.
    • Құпиялықты сақтайтын ЖИ құралдарымызбен мәтін, формула немесе кесте жасаңыз.
    • Бір хатта 32 мыңнан астам таңба жіберіңіз.
  • Бірлестіктер: Бірнеше арнаны, топты немесе ботты біріктіру.
    • Бірлестіктегі басқа чаттарға шақыру сілтемесісіз қосылыңыз.
    • Барлық бірлестік чатына чат тізіміндегі бір элементтен қол жеткізу.
    • Бірлестігіңізге кім көбірек чаттарды қоса алатынын бақылаңыз.
  • Топтағы өткінші хаттар: Тек өзіңізге көрінетін боттардан жауап алыңыз.
    • Боттарға өткінші пәрмендер жіберіп, сол чатта жеке жауаптар алыңыз.
    • Басқа мүшелерге арналған ЖИ қорытындылары мен сәлемдемелерді айналдыруды ұмытыңыз.
  • 350 миллион GIF: GIF тақтасында жаңа, жылдам іздеу.
    • Telegram үшін оңтайландырылған жоғары сапалы GIF-терді табыңыз.
    • Іздеулерді толық құпиялықпен орындаңыз.
    • Жаздан ләззат алыңыз.

Мәтін өңдегіші

Өзіңді сөзбен әрең жеткізе алатыныңызды білеміз. Сондықтан бүгін біз сізге тақырыптар, кестелер, тізімдер, тырнақшалар мен код блоктарын қолдайтын мәтін өңдегішін ұсынамыз! Ол сондай-ақ хаттың ортасына сурет пен бейне қосуға мүмкіндік береді.

Уайымдамаңыз, өңдегіш түсінікті, визуалды бетбейнемен жабдықталған және тіпті Cocoon арқылы істейтін ЖИ құралдарымызды толық құпиялықпен «өз» мәтініңізді генерациялау үшін қолдана аласыз.

Боттарға арналған мәтін пішімдеуі сияқты, өңдегіш бір хатта 32,768 таңбаға дейін жіберуге мүмкіндік береді. Адамның не істей алатынын машиналарға көрсетіңіздер!

Мәтін өңдегіш қазіргі уақытта тек Telegram Premium қолданушылары үшін қолжетімді. Неге? Әйтпесе, оны нашар мәтін өңдегіші деп атауға тура келер еді.

Telegram бірлестіктері

Бірнеше топ, арна мен бот енді ортақ тақырып төңірегінде бірлестіктерге біріктірілуі мүмкін. Бірлестік мүшелері оның басқа чаттарын көре алады және оларға лезде қосыла алады.

Бірлестіктегі чаттар барлық мүшеге «көрінетін» немесе бірлестік әкімшілері мен сол чат мүшелерінен басқасының бәріне «жасырын» болуы мүмкін.

Бірлестіктер чат тізіміңізде орынды үнемдеу. Бірлестіктің жеке чаттар немесе оны ашқан кезде кеңейетін бір чат ретінде көрінуін ауыстыра аласыз.

Бірлестіктер әдепкі бойынша бірлескен, кез келген мүшеге көбірек чат қосуға мүмкіндік береді, бірақ сіз бұны баптаудан шектей аласыз. Бұны жасасаңыз, жаңа чаттар оның орнына ұсыныстар ретінде пайда болады.

Боттың өткінші хаттары

Қонақ бот режімі арқылы боттардан ақпаратты кез келген чатта ала аласыз. Бүгінгі жаңартудан кейін бұл хаттар басқалар үшін топтық чатты толтырмайды.

Енді топтардағы боттар тек белгілі бір адамға көрінетін хаттарды жібере алады, мысалы: сәлемдесу хаты, жеке ЖИ түйіндемесі, қателер, растаулар немесе батырмалары бар мәзірлер.

Өткінші хаттар

Боттар топтық чатқа қосылғанда немесе белгілі бір пәрмендерге жауап ретінде сәлемдесу хаты сияқты өткінші хаттар жібере алады. Бұл пәрмендер бот мәзірінде арнайы таңбамен ерекшеленеді.

Бот әзірлеушілері уақытша хаттар туралы толығырақ ақпаратты осы жерден таба алады.

350 миллион GIF

Біз сізге енді GIF бермейміз дедік пе? Біз өтірік айттық. GIF тақтасы енді сізге 350 миллионнан астам GIF-ті 36 тілде іздеуге мүмкіндік береді. Жаңа іздеу ашық дереккөзді ЖИ модельдері арқылы кеңінен таралған, жалпыға қолжетімді GIF-терді оффлайн индекстеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Барлық басқа хат алмасу қолданбаларынан айырмашылығы, Telegram-да GIF іздеулеріңіз толықтай құпия, ешқандай үшінші тарапқа сенбеңіз және енді өте жылдам.

Бар болғаны осы. Енді барып балмұздақ немесе басқа бірдеңе алыңыз.


2026 жылы 14 шілде
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар