Арна кейіпі, хикаядағы жазбы және т.б.

Read the original announcement in English
Арна кейіпі, хикаядағы жазбы және т.б.

Telegram-ның Рождестволық жаңартуында арналар тұсқағаз, эмоджи статус және бейін таңбасын орната алады, қолданушылар арна хаттарын хикаяға қайта жариялай алады, Telegram Premium-ді бірден бірнеше адамға сыйлауға болады, ал ұтыстарға қосымша жүлделерді қосуға мүмкіндік бар және т.б.

Арна кейіпін баптау

Енді арналар жазылушылардан немесе ұтыс арқылы келген дауыс есебінен деңгей жинаған сайын өздерінің сыртқы кейіпін баптай алады.

Арна иелері енді хаттарының түсінен бөлек, бейін мұқабасына түс пен таңба таңдай алады, эмоджи статус қоя алады және арнаны ашқан барлық адамға көрінетін тұсқағаз орната алады.

Эмоджи статус үшін арналар Telegram суретшілері жасаған мыңдаған эмоджидің ішінен таңдай алады, арна атауының жанына анимациялы аққаладан бастап жұмбақ хот-догқа дейін қоюға болады.

Арнаңызды баптау үшін оның бейінін ашып, Арна баптауы → Кейіп тармағын таңдаңыз.

Қандай кейіп баптауы қолжетімді болатыны арнаның деңгейіне байланысты. Деңгейлер арналарға хикая жарилауға және жеке реакция қосуға да мүмкіндік береді.

Хикаяда жазбаны бөлісу

Енді арналардағы хаттарды хикаяңызға қайта жариялауға болады. Бұл кезде хаттың көшірмесі қосылады, оны жылжытуға, өлшемін өзгертуге және безендіруге болады. Хикаяңызды көрген кез келген адам оны басып, арнадағы хатты тікелей аша алады.

Қайта жариялау хаттардың барлық түрін қолдайды: сурет, файл, тіпті дауысхат және бейнехат. Алдағы жаңартуларда хикаяға қайта жариялау мүмкіндігіне интерактивті сауалнамалар сияқты қосымша мүмкіндіктер қосылады.

Хатты қайта жариялау үшін оның жанындағы бөлісу батырмасын басып, «Хикаяға жариялау» басыңыз.

Ауқымды Premium сыйлықтар

Достарыңызды құттықтау үшін енді Premium-ді бірден бірнеше адамға сыйлай аласыз, осылайша биылғы мерекелік сыйлықтарды рекордтық жылдамдықпен реттеп тастайсыз.

Баптау бөлімінде жаңа «Premium сыйлау» бөлімі бар, сол жерден 10 қолданушыға дейін таңдап, бір басумен Premium сыйлауға болады. Сол қолданушылардың бірінде Premium бұрыннан бар болса, ол сыйлықты кейін қосу үшін сақтай алады немесе досына жібере алады.

Premium-ді жеке қолданушыға оның Бейіні → ⋮ / ⋯ → Premium сыйлау мәзірі арқылы да сыйлауға болады.

Ұтыстағы жеке жүлде және жеңімпаз тізімі

Ұтыс өткізетін арналар енді ұзағырақ мерзім қоя алады және қосымша жүлделерді көрсете алады.

Ашықтықты арттыру үшін ұтыс ұйымдастырушылары «Жеңімпазды көрсету» теңшеуін қосып, жеңген тіркелгілерді жариялай алады. Бұл қосулы болса, жолы болған жеңімпаздар жаңа конфеттиі бар хатта жарияланады.

Telegram жеңімпаздарды кездейсоқ таңдайды және Telegram Premium сыйлық кодтарын өздігінен таратады. Ал қосымша жүлделерді жеткізуге арна әкімшілері өздері жауапты.

Қайта жариялауды көру және т.б.

Қолданушылар хикаяны кім көргенін және қалай реакция қалдырғанын бұрыннан көре алады, ал арналар хикая нәтижесін бақылау үшін толық статистика алады.

Бұл жаңартумен арна әкімшілері енді хикаяға келген реакцияларды көре алады, ал қолданушылар да, арналар да хикаясын кім қайта жариялағанын көре алады.

Хикаяға арналған сурет қиындылары

Галереядағы суреттерді хикая үстіне қоюға болады, ал енді үй жануарыңыздың, досыңыздың және аңызға айналған артефактінің суреттерінен фонды алып тастауға да болады.

Хикаяға сурет қосу үшін хикаядағы стикер тақтасын ашып, сурет таңбасын басыңыз. Сосын суретті таңдап, мәзірдегі > батырмасын басып, Қиып алу таңдаңыз, сонда фоны тазаланады. Бұл мүмкіндік үшін iOS 17+ немесе Google Play Services орнатылған Android 7+ қажет.

Бүгінгі жаңарту осы болды, жыл аяқталғанша мұржаға тағы бірнеше жаңа мүмкіндікті сыйғызуға тырысамыз.

Қысқы мереке құтты болсын!


2023 жылы 23 желтоқсан
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

리치 텍스트 에디터, 커뮤니티, 그룹 내 휘발성 메시지, 3억 5천만 개의 GIF

텍스트를 서식화하고 생성할 수 있는 리치 텍스트 에디터, 여러 그룹, 채널, 봇을 연결하는 텔레그램 커뮤니티, 그룹 내에서의 휘발성인 봇 메시지, 3억 5천만 개 이상의 GIF 검색 등 다양한 기능이 새롭게 도입되었습니다.
14 шіл 2026

스마트워치 앱, 봇을 위한 리치 텍스트, 그룹을 위한 AI 가디언, 그리고 그 외에도 다양한 기능

오늘 업데이트로 텔레그램이 애플 워치와 안드로이드 스마트워치에서 사용 가능해졌으며, 봇을 위한 다양한 서식의 리치 텍스트, AI 관리자가 새로운 그룹 멤버를 심사하는 기능, 더 똑똑해진 투표, 브라우저 제어 등 다양한 기능이 추가되었습니다.
11 мау 2026

게스트 AI 봇, 봇 간 대화, 대화 자동화, 맞춤형 AI 스타일, 1억 개 이상의 이모지 및 스티커 검색 등 다양한 기능

텔레그램은 사용자가 어떤 대화에서도 AI 서비스를 이용할 수 있는 방법, 봇으로 받은편지함을 자동화하는 기능, AI 텍스트 에디터에서 맞춤 스타일을 만드는 기능, 설문조사에 한도를 설정하고 통계를 볼 수 있는 기능 등 10가지 이상의 새로운…
7 мам 2026

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026