Сәлемдесу хаты, хаттағы батырма және қолтаңбасы бар сыйлық

Read the original announcement in English
Сәлемдесу хаты, хаттағы батырма және қолтаңбасы бар сыйлық

Telegram қазір 13 жаста, бірақ жаңа мүмкіндіктерді қосуды тоқтата алмаймыз:

  • Сәлемдесу хаты: Чаттарда жаңа мүшелермен жеке амандасыңыз.
    • Тобыңызда немесе арнаңызда арнайы сәлемдесу хаттарын жасаңыз.
    • Тек жаңа мүше сәлемдесу хатын көре алады.
    • Медианы тіркеңіз немесе бірден бірнеше хат жіберіңіз.
    • Мәтін өңдегіші арқылы пішімдеу қосыңыз.
  • Хаттағы батырма: Кез келген мәтінді интерактивті етіңіз.
    • Батырманы топтар мен арналардағы мәтіндердің ішіне орналастырыңыз.
    • Өткінші хаттармен автоматтандырылған ағындарды құрыңыз.
    • Сауалнама жіберіңіз, ойын өткізіңіз немесе куиз жасаңыз.
  • Хаттағы құжат: Кез келген файлды мәтін блоктарының ішіне орналастырыңыз.
    • Құжатты, файлды және музыканы мәтіннің жанына қосыңыз.
    • Ішкі файлды екі рет басып тіркеңіз.
  • Қолтаңбасы бар сыйлық: Сыйлық нарығы арқылы сыйлық жібергенде пікір қалдырыңыз.

Сәлемдесу хаты

Топтар мен арналар енді басқалар үшін чатты толтырмай, жаңа мүшеге қосымша ақпарат беру үшін сәлемдесу хатын қолдайды. Қолданушы қосылғанда, тек ол хатты көре алады.

Сәлемдесу хаты

Сәлемдесу жинағына бірнеше хат пен медиа қосуға болады. Пішімдеу бұнда да істейді. Кесте, медиа және жаңа мүшені қорқытудың басқа да құпия тәсілдері бар.

Сәлемдесу хатын қалай қосады?

Оп-оңай! Боттар не вуду сиқыры қажет емес. Тобыңызға немесе арнаңызға сәлемдесу хатын қосу үшін оның бейінін ашып, Өңдеу → Сәлемдесу хаты тармағын таңдап, бірнеше хат жіберіңіз:

Хаттағы батырма

11 жыл бұрын Telegram боттары қарапайым чаттың ішінде кез келген қолданбаны жасауға мүмкіндік берді. Бүгіннен бастап сіз бір хаттың ішіне сыятын қолданба жасай аласыз.

Әзірлеушілер енді бірнеше батырманы тікелей хаттың ішіне қоя алады. Өткінші хат көмегімен сауалнамалар, ойындар, жұлдызнамалардан бастап өнімдерді көруге және тапсырыс беруге дейінгі кез келген нәрсе үшін ағындарды жасауға болады.

Бұндай хаттар кез келген жерде, соның ішінде топтар мен арналарда жариялануы мүмкін, онда қолданушылардың кез келген саны олармен өзара әрекеттесе алады, мысалы: жеке бір партияда шахмат ойнау үшін.

Сіз тіпті оларды сәлемдесу хаты ретінде қолдана аласыз немесе тобыңыздың қызмет көрсету шарттарындағы күңгірт өрнектерді басыңыз.

Хаттың ішіне автоматтандырылған ағыны қалай қосуға болады?

Бұнда да вуду магиясы қажет емес, бірақ сізге кодтау керек болады. Қазіргі кодтау заманында бұл ешкімді қорықтырмайды, солай ма?

Әзірлеушілерге арналған қосымша ақпарат осында қолжетімді.

Хаттағы құжат

Мәтін өңдегіші енді көптеген ішкі медиа түрлерін қолдайды, сондықтан мәтіннің кез келген жеріне құжатты, файлды және музыканы қоса аласыз.

Хаттағы құжат

Мәтін өңдегішті ашу үшін енгізу өрісіне 3 жолдан артық мәтін енгізгенде пайда болатын ⛶ таңбасын басыңыз.

Қолданба жаңартуы үшін толтырғыш

Әркімнің автоматты жаңартулар қосылмаған бір досы бар, сондықтан дизайнерлеріміз ескірген қолданбалар жаңа мүмкіндікті көрсете алмаған кезде пайда болатын стильді толтырғыш қосты және сізге ең соңғы жаңартуды лезде жүктеу батырмасын береді.

Міндетіңіз — оларды қазір жаңарту, сонда олар осы әсерлерді келесі жолы біз керемет нәрсе қосқанда қолдана алады.

Android-та өздігінен жаңартуды қосу үшін Play Store-ды ашып, Параметрлер → Желі параметрлері → Қолданбаларды автоматты түрде жаңарту тармағын басыңыз. iOS-та Реттеулер → Қолданбалар → App Store → Автоматты түрде жүктеу бөліміне өтіп, «Қолданба жаңартулар» тармағын басыңыз.

Сыйлық нарығынан қолтаңбасы бар сыйлық

Сіз Telegram жұлдыздарын біздің қауіпсіз, қолдануға оңай сыйлық нарығымызда басқа қолданушылардан мыңдаған сирек сыйлықтарды сатып алу үшін қолдана аласыз. Енді сол жерден сатып алған сыйлықтарыңызға қолтаңбаңыз бен пікіріңізді қоса аласыз.

Сыйлық нарығынан қолтаңбасы бар сыйлық
Қолтаңбасы бар сыйлықты қалай жібереді?

Telegram-ның сыйлық нарығынан сыйлық жіберу үшін кез келген қолданушының бейінін ашып, ⋮ / ⋯ → «Сыйлық жіберу» батырмасын басыңыз, содан кейін сирек кездесетін жаңартылған сыйлықтарды сатып алу үшін «Жиынтық» сүзгісін таңдаңыз.

Telegram-ның 13 жылдығы

Telegram 13 жасқа толды! Ол әлі де көлік жүргізе алмайды немесе дауыс бере алмайды (біреу қарап тұрғанда), бірақ кем дегенде әлеуметтік медиа тіркелгілеріміз ақыры сұр аймақтан шықты.

Өткен жылы 55 мүмкіндікті қамтитын 12 негізгі жаңартуды шығардық, соның ішіндегі сүйіктілеріміз:

Енді жұмысқа қайта ораламыз, ал сіз тойлап, еркін сөз сөйлей беріңіз.
Ол өзі сөйлей алмайды!


2026 жылы 25 тамыз
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

Привітальні повідомлення, кнопки в повідомленнях і подарунки з підписами

Представляємо привітальні повідомлення для нових учасників груп і каналів, кнопки в повідомленнях, що допоможуть зробити будь-який текст…
25 там 2026

Редактор тексту з розширеною розміткою, спільноти, зникомі повідомлення у групах, 350 мільйонів GIF

Зустрічайте текстовий редактор з розширеним форматуванням та генерацією тексту, спільноти…
14 шіл 2026

Застосунки для смартгодинників, розширене форматування для ботів, ШІ-охоронці для груп і купа іншого

Сьогоднішнє оновлення: Telegram на Apple Watch і годинники з Android, форматування тексту…
11 мау 2026

Гостьові ШІ-боти, чати між ботами, автоматизація чатів, власні ШІ-стилі, пошук понад 100 млн емоджі й наліпок та більше

Telegram представляє понад 10 нових можливостей, зокрема можливість користувачам отримувати…
7 мам 2026